Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шара жыл сайын өтеді.
Шара барысында аумақтық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тексеру кезінде жиі кездесетін құқықбұзушылық туралы және олардың алдын алу жайында баяндайды. Мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласындағы заңнамаға енгізілген міндетті талап пен өзгерістер жайлы да айтып береді, — деп хабарлады Нұр-Сұлтан әкімдігі.
Ақпарат ұсынатын мемлекеттік органдар қатарында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы, Әділет, Ауыл шаруашылығы, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ақпарат және әлеуметтік даму, Энергетика, Ұлттық экономика, Сауда және интеграция, Экология, Геология және табиғи ресурстар, Өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту, Цифрлық даму, Инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бар.