Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шараға жыл сайын 7 мыңнан астам адам келетінін айтты. Бұл туралы әкім Instagram-парақшасында жазды.
Фестиваль қонақтары көркем әдебиеттің жаңалықтарымен танысып қана қоймай, танымал әрі дарынды жазушылармен, блогерлермен, қоғам белсенділерімен, журналистермен және актерлармен кездесуге мүмкіндік алды, — деп жазды Бақытжан Сағынтаев.
Оның айтуынша, фестивальдің ерекшелігі сол, әр жастағы келушілер өзіне керек әдебиетті таба алады. Фестиваль аясында кітап жәрмеңкесі де өтті.