Басты бетЖаңалықтарАлматыда Қала...

Алматыда Қала күніне орай KitapFest-2019 фестивалі өтті

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, «Жазушы шатырында» оқырмандар сүйікті авторларымен танысып, олардың жаңа кітаптарының тұсаукесеріне қатысты. Қазақстанның халық артисі, әйгілі пианиношы Жәния Әубәкірова сүйікті кітабы «Вариации на темы» туралы айтып берді. Танымал саясаткер Досым Сәтбаев «Деформация вертикали» жаңа кітабын таныстырды. Журналист Вадим Борейко оқырманын «Народные инородные» кітабымен таныстырды. Журналист, кәсіпкер Дана Орманбаева өзінің жаңа кітабы «Мы не ругаем детей» жайында баяндады.

Бас ұйымдастырушы Майра Альжанова фестивальге келушілердің қатары жыл сайын өсіп жатқанын айтты.

Фестивальге келіп жатқан қонақтарға қарап білім мен кітапты маңызды санайтын адамның көп екенін түсінеміз. Шараға балалар, оқушылар мен өзін дамытуға ұмтылған жастар, жаңа нәрсені білуге құштар ата-әжелер келеді. Бұл — адамдардың кітап оқитынын дәлелдейтін фестиваль. Олар үшін кітап өмірінің маңызды бөлігінің бірі, — деді Майра Альжанова.

Фестивальді Алматы әкімдігінің қолдауымен BAURZHAN қоры мен AYbooks баспа үйі ұйымдастырды.