Мәскеуліктер Нұр Сұлтан өнімін арзан бағамен экспорттап жатыр — Тимур Құлыбаев

Нұр-Сұлтанда миллионнан астам халық тұрады. Қала маңында ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандар бар. Бірақ олар өндіретін өнімді сақтайтын орын жоқ. Меніңше, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірге тарату орталықтарын ғана емес, ұзақмерзімді сақтау орталықтарын құруды да қарастыру керек, — деді Тимур Құлыбаев.

Оның айтуынша, мәскеулік кәсіпкерлер азық-түліктің арзан маусымында тамақ өнімін фургонмен алып кетіп, сақтап қояды. Кеңес заманынан бері олардың тамақ өнімін сақтау жүйесі мықты. Азық-түлікті сақтай отырып, бағаны бақылауға қабілетті. Оларда бағаның мұндай маусымдық өзгерістері жоқ.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нұр-Сұлтанға жақын аймақтарда агроқұзыреттілік орталықтарын құруды ұсынады. Ондай орталықта елордаға қажет тағам түрлерін өндіруді дамытуға болады. Бұл аудандарда су жеткілікті, адамдардың тәжірибесі мол. Бар болғаны осы мәселені Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірге бақылауға алып, жұмысын жолға қою керек. Ол үшін қалаға жақын аудандардың әкімдерін шақырып, азық-түлікті тарату, сақтау мен агроөндіріс кешендерін дамытуға қатысты жиын өткізу қажет, — деді Тимур Құлыбаев.

ДереккөзKursiv.kz