Басты бет Басты Жоспарлы емнің бағасы не себепті төмен болады?

Жоспарлы емнің бағасы не себепті төмен болады?

Медициналық сақтандыру қорының мәліметінше, қазақстандықтардың 68%-і ауруханаға ауруы асқынған кезде келеді. Соңғы жылдары ауруханаға түскен 2,9 миллион науқастың 1,9 миллионының жағдайы ауыр болған.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Andres Gonzalez

Асқынған ауруды емдеу күрделі әрі қымбат. Мысалы, жүрек тамырларын тұйықтауға 1,8 миллион теңге жұмсалса, инфаркт немесе инсульт болған адамның шұғыл еміне одан екі есе көп қаржы кетеді.

Алдын ала тексерілген адамның мемлекет қаржысына тегін диагностика процедурасын алуға мүмкіндігі бар.

2019 жылы республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына 972,7 миллиард теңге бөлінді. Оның 395,4 миллиарды емханаларға аурудың алдын алу шараларын жүргізу үшін берілген.

медициналық сақтандыру

Қазір Қазақстанда емханаға тіркелу науқаны жүріп жатыр. Онда мемлекеттік мекемеге ғана тіркелу шарт емес. Жекеменшік емханада тіркелген азаматтарға да тегін қызмет көрсетіледі.

Инфографика: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version