Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 74-сессиясына қатысады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке барды. Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, бірқатар елдің мемлекет және үкімет басшысымен, бизнесмендермен кездеседі деп жоспарланып отыр.

БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясы 2019 жылдың 23-25 қыркүйегінде өтеді.  Жиынға 196 делегация, 100-ге жуық мемлекет басшысы, БҰҰ-ға мүше елдердің 80-нен аса үкімет және сыртқы саяси ведомствоның басшыcы қатысады.

Сессия жұмысы аясында 630 кездесу өткізу жоспарланып отыр. Қасым-Жомарт Тоқаев «Кедейлікті жою үшін көпжақты күш-жігерді шоғырландыру, сапалы білім беруді, климат іс-қимылдары мен жан-жақты тәсілді ілгерілету» тақырыбында өтетін Бас Ассамблеяның дебаттарында, тұрақты даму мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі саяси форумда сөз сөйлейді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version