Басты бетБастыАлматыда "Ана...

Алматыда «Ана тілім — ардағым» атты тілдер фестивалі өтті

Республикалық Достық үйінің ғимаратында өткен шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Любовь Ни мен мемлекеттік органдардың, оқу орындарының, этномәдени бірлестіктердің өкілдері мен жастар қатысты.

Ұлттар мен ұлыстар ана тілі күні

Фестиваль барысында тілдерді оқып-үйрену туралы біршама шаралар өтті. Атап өтетін болсақ, ҚХА-ның «Мың бала» республикалық мәдени-ағату жобасы мен «Тілдарын» тілді жеделдете оқыту әдістемесінің тұсаукесері болды. Жексенбілік мектептердің оқытушылары тәжірибе алмасып, мемлекеттік және этностық топтардың тілдерін оқып-үйрену жөніндегі авторлық әдістемелердің таныстырылды. Сондай-ақ тіл үйренуге арналған әдебиеттердің «Ана тілі – халықтың рухани құндылығы» атты көрмесі өтті.

кітап көрме

Бұл туралы ҚХА Төрағасының орынбасары Лювоь Ни құттықтау сөзінде айтып өтті.

«Біздің өңірлердегі жексенбілік мектептердің барлығы тегін жұмыс істейді, оларда тілдерді оқытуды мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Біздің іс-шарамыз Алғыс айту күні қарсаңында өтіп отыр. Бізге, қазақстандықтарға, бір-бірімізге, мемлекетке, Президентке алғыс айтатындай көптеген себептер бар», — деді орынбасар.

Фестиваль этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының мерекелік концертімен аяқталды.