Алматыда Қала күніне орай AlmaQuest шарасы өтті. Квест ойынының ережесі бойынша әр командада үш адамға дейін болуы керек. Шараны Алматы әкімінің қолдауымен ADC Agency компаниясы ұйымдастырған.
Ойын шарты бойынша қатысушы команда жаяу квест пен велоквесттің бірін таңдауы керек болды. Жаяу квестті таңдаған команда ұйымдастырушылар берген тапсырманы қаланы жаяу аралап немесе метромен жүріп орындады. Велоквест түрін таңдағандардың қауіпсіздік ережесін мұқият сақтағаны қатаң бақыланды. Ойын 2 кезеңнен тұрды. Әр кезеңде 10-30 тапсырма берілді. Ойын қорытындысы бойынша қатысушыларға 1, 2, 3-орындар мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Жаяу квест бойынша «17» командасы мен Gogis командасы 3-орын алып, 50 мың теңгеден жеңіп алды. Apfel командасы 2-орын иеленіп, 100 мың теңге жеңді. Капитаны — Ирина Вегнер. 1-орынды «Молот Тора» командасы иеленіп, 150 мың теңге жеңіп алды. Команда капитаны — Руслан Баймаханов.
Велоквест бойынша «Веломания» командасы 3-орын алып, 50 мың теңге жеңді. 2-орынды MAK team командасы алды. Жүлде қоры — 80 мың теңге. Ал 1-орынды «26 Дюймов» командасы алып, 100 мың теңге жеңді.
AlmaQuest ұйымдастырушылары жеке номинациялар бойынша да жеңімпаздарды анықтады. Әр номинация иегеріне 30 мың теңге сыйлық берілді. «Ең жас қатысушы» номинациясын Алексей Кирилов пен анасы, M&M командасы «Ең жеңімпаз отбасы» номинациясын, «Ең ерекше команда» номинациясын «Кадюри» командасы жеңіп алды. Ал Гухар Исембаеваға «Ең ақылды қатысушы», «Йети» командасына «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы берілді.