Басты бетЖаңалықтарАлматыда "Кәсіп...

Алматыда «Кәсіп алаңы» курстарына екі аптада 2 300 адам қатысқан

«Кәсіп алаңы» курстары жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастарға, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер мен көпбалалы аналарға арналған. Бір күндік мотивациялық семинарлар мен вебинарлар барысында қатысушылар танымал кәсіпкерлер, салалық сарапшылар мен жетекші бизнес-тренерлерден сабақ алып жатыр.
Алматы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, курстар 11 қыркүйек пен 18 қазан арасында қаланың барлық ауданында ұйымдастырылады.

Семинарлар жоғары оқу орындары, кәсіпорындар мен әмбебап базарларда, аудан әкімдіктерінде өтеді. Оған әкімдіктерге, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасына, Халықты жұмыспен қамту орталығына барып және онлайн тіркелуге болады. 1 қазаннан бастап Qoldaý.kz сайтынан вебинарлар беріле бастайды. «Кәсіп алаңының» семинарлары туризм, сауда, құрылысы, көлік, қонақ үй бизнесі, өндіріс, IT, қаржы, сақтандыру мен басқа да түрлі саланы қамтиды, — деп жазылған хабарламада.

Сала сарапшылары қатысушыларға бизнес жүргізудің моделін құру, бизнесті жылжыту мен дамыту бойынша кеңес береді. Семинарлар менеджмент, құқықтық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп, маркетинг және басқа да бағыттарды қамтиды.