Басты бет Жаңалықтар Қарттар күніне орай зейнеткерлерге бірреттік төлем беріледі

Қарттар күніне орай зейнеткерлерге бірреттік төлем беріледі

Бұған дейін бұл көмек ең төмен мөлшердегі зейнетақы алушыларға 30 тамызда Конституция күніне орай көрсетілетін.

Фото: Аbctv.kz

1 қазан күні Қазақстанда Қарттар күні тойланады. Нұр-Сұлтан әкімдігі жыл сайын мерекеге орай жасы бойынша зейнетке шыққан астаналықтарға бірреттік ақшалай төлем береді. Биыл бұл сома 6313 теңге болды.

Төлмеді Нұр-Сұлтанның Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы 25 қыркүйектен бастап 1 қазанға береді.

Басқарма төмендегі банктерде шоттары бар зейнеткерлерге ғана бұл төлемді кедергісіз бере алады. Олар:

  • «Альфа-Банк»;
  • «АТФ Банк»;
  • «Центркредит банкі»;
  • «Еуразиялық банк»,
  • Jýsan Bank (Цеснабанк);
  • Halyk Bank;
  • «Нұрбанк»;
  • «Сбербанк»,
  • ForteBank.

Төлемді «Қазпоштадан» да алуға болады. Зейнеткердің басқа банкте шотты болса, осы банктердің бірінен шот ашуы керек. Одан кейін Басқарма 20 таңбалы шот ашу туралы анықтаманы Достық көшесі, 13, Нұрсая 2 ТК мекенжайы бойынша әкелуді сұрайды.

Анықтама телефондары:

  • Алматы ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-22;
  • Есіл ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-34;
  • Сарыарқа, Байқоңыр ауданының әлеуметтік төлемдерді тағайындау бөлімі 55-68-45.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version