Алматыда жиһаз цехы өртенді

Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт Жетісу ауданындағы Ратушной 84а мекенжайында болған. Өрт сөндірушілер лезде оқиға орнына келген.

17 қыркүйек күні сағат 11.57 кезінде «101» қызмет нөміріне Жетісу ауданында өрт болып жатқаны туралы хабарланды. Бірден өрт сөндірушілер мен техника сол жерге жіберілді. Өрт сөндірушілер Ратушной 84а мекенжайына жеткенде жиһаз цехы өртеніп жатқан және сол маңда бірнеше өндіріс цехы болған, — делінген хабарламада.

Оқиға орнында 20 техника мен жеке құрамнан 60 адам жұмыс істеген. Полиция департаменті ол маңды қоршауға алды. Өрттің жайылу аумағы анықталып жатыр.