Басты бет Қоғам Ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды

Ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды

"Қазгидромет" РМК мамандары 2019 жылдың 17-19 қыркүйек аралығындағы ауа райы қандай болатынын айтты.

Фото: Mymcmedia.org

Синоптиктердің болжауынша, Иран аймағынан келетін жылы ауа массасының әсерінен республиканың оңтүстігінде ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады.

Күндіз термометрдің сынап бағанасы плюс 25-30 градусқа дейін, кей жерде плюс 35 градусқа дейін жоғарылайды. Оңтүстіктен келетін жылу солтүстік өңірлерге де жетеді, — делінген хабарламада.

Кей жерде жаңбыр жауса да, жылы болады. Күндіз ауа температурасы плюс 20-28 градусқа дейін жоғарылайды. Тек батыс өңірінде Ресейдің Еуропа бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттар ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version