Басты бет Жаңалықтар Алматыны шетелдің қала басшылары құттықтады

Алматыны шетелдің қала басшылары құттықтады

Бүгін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев шетелдің қала басшыларынан Қала күнімен құттықтаған хаттар алды. Арасында достық қарым-қатынас берік орнаған қалалардың мэрлері де бар. 

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Литваның астанасы Вильнюс мэрі Ремигиюс Шимашюс Алматыны төл мерекесімен құттықтай отырып, қаланың гүлденуін тіледі.

Аргентинадағы Росарионың мэрі Моника Фэйн да алматылықтарды Қала күнімен құттықтады.

Алматы — бүгінде Қазақстанның және бүкіл Орталық Азияның қаржы және мәдени орталығы. Жуырда Росарионың Алматымен достық қарым-қатынасы бекіген қала болатынын мақтан етеміз, — деп жазылған жеделхатта.

Моника Фэйн Росарио тұрғындарының атынан Алматының өркендеуіне тілектестік білдіріп, қарқынды дамуын жалғастыруды тіледі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version