Басты бет Қоғам Шамалған станциясында пойыз автобусты соқты

Шамалған станциясында пойыз автобусты соқты

Төтенше жағдай Ақсеңгір-Шамалған станцияларының аралығында болған. Бұл ақпаратты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі растады.

Фото ашық дереккөзден

Министрліктің соңғы мәліметі бойынша, оқыс оқиға 15 қыркүйекте сағат шамамен 19.20-да «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 2449-шақырымында Шамалған станциясында болған. Пойыз Алматы-Қостанай бағыты бойынша қозғалған.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кеңесшісі Руслан Иманқұловтың айтуынша, автобус жүргізушісі ескертуді елемеген.

Автобус жүргізушісі дыбыс белгісіне қарамай, теміржолға шығып кеткен. Салдарынан пойыз автобусты соққан, — дейді ол.

Полиция департаментінің мәліметінше, автобус Алматы-Қаскелең бағытында жолаушы тасымалдаған. Оның жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

Автобустың үш жолаушысы зардап шекті. Оның біреуі — әйел, екеуі — бала. Олар ауруханаға жеткізілді, — деді полиция.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеумен облыстық полиция департаментінің тергеушілері айналысады.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version