Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Астанаэнергосервис» компаниясын таратса, жылына 1 миллиард теңге үнемделеді.
Astana әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы мемлекет сыңайлы секторды оңтайландырудың аясында кәсіпорындар саны 24-тен 14-ке дейін азаяды. Ал экономикалық тиімділігі жылына 2 миллиард теңгеге жетеді.
Үнемделген қаражат қысқы жабдықтарды, оның ішінде қар тазалайтын құралдарды сатып алуға жұмсалады.
Елорданың қысы қатты. Қар тазалайтын көліктері бар автопаркті көріп қайттық. Құралдары ескірген, — деді әкім.