Басты бетЖаңалықтарӘбілфайыз Ыдырысов...

Әбілфайыз Ыдырысов дүниеден өтті

Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Әбілфайыз Ыдырысов — Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі, бұрынғы сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың әкесі.

Ол ұзақ жылдар бойы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жұмыс істеді. Тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2004).

Публицист-жазушы, педагог Әбілфайыз Ыдырысовтың қаламынан көптеген ғылыми-зерттеу кітап, деректі эссе, хикая, «Айжанның ғашығы», «Берік», «Аңсаған менің әнімсің», «Ақсүйек», «Кер бұзаудың өлімі» повестері, «Таңшолпан» романы жарық көрді.