Басты бет Жаңалықтар Исраил Сапарбайдың екі кітабы жарыққа шықты

Исраил Сапарбайдың екі кітабы жарыққа шықты

Қала күнін тойлау аясында ақын, сазгер, драматург Исраил Сапарбай Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Поэзиялық кеш «Алматым — ән-жырым» деп аталды. Шара ақынның поэзиясын, шығармашылығын өскелең ұрпаққа тереңірек таныстыру, тыңдаушылардың ақынның шығармаларынан өзінше ой түюге, өлең құдіретінің қасиетін ұғынуға тәрбиелеуге бағытталды. Бұл туралы Алматы әкімінің баспасөз қызметі Instagram-парақшада жазды.

Исраил Сапарбайдың «Менің ойларым» мен поэтикалық жинағы жарыққа шығады.

«Менің ойларым» кітабында поэзия мен өмірге деген көзқарасым туралы ашық жаздым. Тағы бірнеше өлең жинағым дайын. Мен не нәрсеге де үміттеніп, сенгенді жақсы көрем. Өлеңдерімнің бәрі оқырманға, халыққа арналған, — деді Исраил Сапарбай.

Алма Аманжолова, Бүрлен Қанат, Жазушылар одағының мүшесі, ақын Мұратқан Шоқан кештің бас қонақтары болды. Ақынды үлгі тұтып, өлеңдерін жаттайтын жас ақындар да келді. Кешке қатысушылар Исраил Сапарбайдың өлеңдерін оқып, авторға шығармашылығы туралы пікірін білдірді.

Айта кетейік, кездесуді Наурызбай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version