12 қыркүйектегі ауа райы қандай болады?

Синоптиктердің болжауынша, республиканың солтүстік және шығысында ауа райы құбылмалы болады. Шығыс Қазақстанда түнде нөсер жауып, найзағай соғады. Кей жерді тұман басып, жел күшейеді. Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аймағын тұман басады. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар,  Қарағанды облыстарының кей жерінде топырақ бетінде үсік 1-3 градус болады.

Атырау, Қызылорда облыстарында, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде,  Карағанды облысының кей жерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының оңтүстік-батысында  өрт қауіпі сақталады.