12-14 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады?

Гидрометеорологтардың хабарлауынша, кей аймақта үсік жүреді.

Алдағы тәулікте Ресейдің Еуропа бөлігінің орталық аймақтарынан ығысатын антициклонның әсерінен Қазақстанның көптеген облысында жауын-шашын қысқа мерзімге тоқтайды. Ал республиканың солтүстігі мен орталығында түнде және күндіз 1-3 градус үсік болады, — делінген хабарламада.

13 қыркүйекте Батыс Сібірден кезекті арктика фронты Қазақстанның солтүстік аймақтарына, содан кейін орталық және шығыс аймақтарына әсерін тигізеді. Мұнда да қайтадан жаңбыр басталып, ауа температурасы нормадан төмен болады. Қалған аймақтарда жауын-шашын болмайды.