Басты бет Қоғам Жастарға 5 жылға жалға берілетін баспананы қалай алуға болады?

Жастарға 5 жылға жалға берілетін баспананы қалай алуға болады?

Нұр-Сұлтанда сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін баспанаға үміткер ретінде 29 жасқа толмаған азаматтар қатыса алады.

Иллюстрация: Dribbble.com ©Mary Kotyshova

Жалпы орта білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік ұйымдардың, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және еңбек қызметін жүзеге асыратын ҚР азаматтары — жұмысшы жастар баспананы бес жылға жалға ала алады.

Өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспананы алу үшін төмендегі құжаттарды ұсынуы тиіс:

  1. Үлгіге сәйкес нысан бойынша өтініш;
  2. Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
  3. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  4. Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
  5. Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса);
  6. Өтініш берушіге және отбасының барлық мүшесінде жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы анықтама;
  7. Жұмыс орнынан анықтама;
  8. Өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
  9. Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
  10. Банк шотының болуы және нөмірі туралы анықтама, есепшоты бойынша ақшаның қалдығы, қозғалысы туралы үзінді;
  11. Өтініш берушінің түрлі қызмет саласындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса);
  12. Нұр-Сұлтанда тұрғылықты жері бойынша соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркелуін растау;
  13. Өтініш берушінің, жұбайының, кәмелетке толмаған балаларының өтініш берер алдында 2 жыл ішінде меншік құқығындағы тұрғын үйдің, сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болмағанын растау.

Жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін баспана Үкіметтің 2018 жылы 22 маусымдағы №372 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасында белгіленген талаптарға сәйкес жүргізіледі.

Нұр-Сұлтанда жастарға жалға берілетін баспана бойынша құжаттарды қабылдау 2019 жылдың қараша айынан бастап электрон түрде жүргізіледі.

Анықтама телефондары: 79-34-50, 79-34-62 (63)

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version