11 қыркүйек күні кей өңірде үсік жүреді

Шығыс Қазақстан облысының кей өңірін тұман басады. Күндіз бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

Қарағанды облысында бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман басады.

Павлодар облысының кей аймағында түнде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге артады.

Ақмола, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарын, түнде Алматы, Қостанай облыстарының кей аймағын тұман басуы мүмкін.

Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қарағанды облысында 1-3 градус үсік болады.

Атырау облысында, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде,  Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында  өрт қаупі сақталады.