Басты бет Тест «Тамақ пысты, шайыр ал». Диалект сөздерді қаншалықты білесіз?

«Тамақ пысты, шайыр ал». Диалект сөздерді қаншалықты білесіз?

Сым, сәкі, дуал. Бұл сөздер Сізге таныс па? Қазақстанның аумағы қандай үлкен болса, онда қолданылатын сөздер де соншалықты көп. Кейде бір аймақ екіншісін түсінбей жатады. Диалект сөздерді қаншалықты білесіз? Тест тапсырып, өзіңізді сынап көріңіз!

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz
0%

Көкшетауда "құлақнан" қандай мағына береді?

Дұрыс! Қате!

Көкшетау өңірі ет қамырын "құлақнан" деп айтады.

Көпшік жастанатын қай аймақ?

Дұрыс! Қате!

Жастықты "көпшік" деп айтатын аймақ - батыс өңірі.

Семей базарынан пияз алғыңыз келді. Сатушыдан не сұрайсыз?

Дұрыс! Қате!

Пиязды Семей өңірінде "сарымсақ" деп айтады.

Солтүстік Қазақстан шайды қандай ыдыста қайнатып береді?

Дұрыс! Қате!

Бұл аймақта шайды қайнататын ыдысты "ақман" деп айтады.

Батыс өңірінде сурет, сағатты қайда іледі?

Дұрыс! Қате!

Батыста үй қабырғасын "жар" деп айтады.

Түркістан облысындағылар үшін "көп" мағынасын беретін сөз - ...

Дұрыс! Қате!

Бұл аймақ "көптің" орнына кейде "енапат" сөзін қолданады.

Түркістан облысында тепшекпен не істейді?

Please select 2 correct answers

Дұрыс! Қате!

Түркістан облысында баспалдақты "тепшек" деп те айтады.

Өскеменнің "кішкентайын" табыңыз

Дұрыс! Қате!

"Кіттей" сөзі Өскемен аймағында "кішкентай" мағынасын береді.

"Шайыр" шайнайтын қай аймақ?

Дұрыс! Қате!

Өскенменде сағызды "шайыр" деп те айтады.

"Тамақ пысты". Диалект сөздерді қаншалықты білесіз?
Қап! Қиын болды-ау!

Қазақстандықтардың барлығын бірдей түсіне бермейді екенсіз. Оқа етпес. Тестті қайта тапсырып, диалект сөздерді жадыңызға сақтап қалыңыз.
Керемет!

Қазақстандықтардың барлығын оңай түсінетініңіз көрініп тұр!

Әлеуметтік желіде бөлісу:

2 пікір

  1. Қытай қазақтарыда тамақ пысыру деп айтада,соған қарағында жалпы шығыс жақтың сөз саптау манері болдығо

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version