Бұршақ, тұман, нөсер. 10 қыркүйектегі ауа райына болжам

Қарағанды,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерін түнде және таңертең тұман басуы мүмкін. Қарағандының кей аймағында бұршақ жауады. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

Жамбыл  облысының кей аймағын тұман басып, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысында, Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артады.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарын түнде және таңертең тұман басуы мүмкін.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Қарағанды облысының кей аймағында,  Ақтөбе,  Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде,  Алматы облысының жекелеген аудандарында өрт қаупі сақталады.