Басты бет Қоғам Алматыда 208 көшеге LED-фонарь орнату басталды

Алматыда 208 көшеге LED-фонарь орнату басталды

Жыл соңына дейін 4,8 мың заманауи LED-фонарь орнатылады. Алатау ауданындағы 14 көшеге, Бостандық ауданындағы 54, Жетісу ауданындағы 31, Түркісіб ауданындағы 109 көшеге шамдар қойылады.

Фото: Almaty.tv

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, кей көшеге жарық шамдар алғаш рет орнатылады.

16 шілдеде көше жарығына қатысты өткен кеңесте қала басшысы Бақытжан Сағынтаев қалада аулалардың 52%-і мен көшелердің 26%-інде жарықтың жоқ екенін айтқан болатын.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы мақсатты қаржының бәрін бұрын жарығы болмаған аулалар мен көшелерге жұмсайтын болды. Ең алдымен Жаңа Алматының аудандарына көңіл бөлінеді. Қолға алынған жұмыс мегаполисті «Шетсіз қала» қағидасы бойынша дамытуға үлес қоспақ.

Қазір Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу мен Наурызбай аудандарындағы 121 көшеге 140 шақырымға жуық сыртқы жарық желісі тартылды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version