Басты бет Жаңалықтар Almaty Urban Fest фестивалінің эстафетасын Батыс Қазақстан жалғайды

Almaty Urban Fest фестивалінің эстафетасын Батыс Қазақстан жалғайды

BMX, граффити, уоркаут, көше билері, стритбол 3*3, армреслинг, арт-инсталляция сияқты қаланың заманауи мәдениеті бір алаңда тоғысты.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

7-8 қыркүйек күні Almaty Urban Fest фестивалі өтті. Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараны тамашалауға әрі жеңімпаз атануға Алматыға республиканың әр аймағынан спортшылар келіп қатысты. Олардың саны 10 мыңнан асты. Нұр-Сұлтаннан, Петропавлдан, Семейден, Өскеменнен, Шымкенттен, Тараздан, Талдықорғаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан және Ресейден келген қатысушылар бар.

Фестивальге Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров пен Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және денешынықтыру істері жөніндегі комитет төрағасы Серік Сәпиев қатысты. Ержан Бабақұмаров қатысушылар мен қонақтарды фестивальдің өтуімен құттықтады.

Урбан-фестиваль қаламызда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Меніңше, жақсы өтіп жатыр. Мұндай шара жиі өтуі керек. Фестиваль арқылы өз жолын тапқан спортшыға үлкен спортта да қалыптасуына тілектеспін, — деді әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров.

Almaty Urban Fest
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Фестиваль Qazaqstan Jastar Fest республикалық челенджі аясында әр қалада өтіп жатыр. Алматы эстафетаны Нұр-Сұлтаннан алса, келесі урбан-фестиваль Батыс Қазақстанның бір қаласында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version