Басты бет Мәдениет XVIII «Алматы — іңкәрім менің» ретрофестивалі өтті

XVIII «Алматы — іңкәрім менің» ретрофестивалі өтті

Алматыда қала күні аясында Орталық демалыс саябағындағы "Шабыт" амфитеатрында "Алматы - менің алғашқы махаббатым" музыкалық ретрофестивалі өтті.

Фото: Dknews.kz

Халықаралық музыкалық ретрофестиваль биыл 18-ші рет өтті. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, 18 жылдың ішінде фестиваль нағыз бренд пен символға айналды.

Сахнада қазақстандық эстрада әншілері: Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Жанна Орынбасарова, Тамара Асар, Нағима Есқалиева, Аша Матай, Арман Коңыр, Толқын Забирова, Асхат Тарғын, Айгүл Иманбаева, Нұрлан Еспанов, Рүстем Нұржігіт, Жұлдыз Өмірғали, Ақбота Сейтмағамбет, Парвиз Назаров, Серікбол Сайлаубек, «Жетіген», «Дос-Мұкасан», «101», «Яшлык», «Нұрлан мен Мұрат» тобы және тағы басқалары өнер көрсетті. Сонымен қатар Лайма Вайкуле, Валерий Сюткин, Наташа Королева және Игорь Николаев сияқты ресейлік танымал артистер де фестивальге қатысты.

«Шабыт» жазғы театрында өткен концертте 70, 80 және 90 жылдардың танымал композициялары мен хиттері шырқалды.

Дәстүр бойынша фестивальдің тақырыбы жыл сайын өзгереді. 2019 жылы артистер тату көршілердің ролін сомдады.

«Алматы — менің алғашқы махаббатым» музыкалық ретрофестивалі 1999 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version