Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жұмада Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Фото: Ever2quest.org.ru

«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, оңтүстік циклонның ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Кей аймақта жаңбырмен бірге найзағай ойнайды, дауыл тұрады. Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстікте тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында жел 23-28 м/с-ке дейін күшейеді, кей жерде тұман түседі, дауыл тұрады.

Ақмола, Қостанай, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Ақмола және Түркістан облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар облысында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, дауыл тұруы мүмкін.

Батыс Қазақстан облысында тұман түседі.

Түркістан, Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Алматы және Ақтөбе облыстарында өрт қаупі бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version