Басты бетЖаңалықтарРио олимпиадасында...

Рио олимпиадасында допинг қолдануға рұқсат алған спортшылар кімдер?

Алтыншы тізімде 14 елден 20 спортшының аты жазылған. Олар: Аргентина, Австралия, Бразилия, Канада, Колумбия, Германия, Франция, Ұлыбритания, Жапония, Жаңа Зеландия, Швеция, Венесуэля, ОАР мен АҚШ спортшылары.

Естеріңізге сала кетейік, Fаncy Bears хакерлері осыған дейін бес тізім жариялаған еді. Олардың барлығы Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің базасынан алынған. Осыған дейін жарияланған тізімдерде аты аталған атақты спортшылар кімдер?

Бірінші бөлім (9 қыркүйек 2016 жыл)

Серена мен Винус Уильямс (теннис)

Серена мен Винус Уильямс
Серена мен Винус Уильямс ©rsport.ru

Хакерлер жариялаған құжатта апалы-сіңлі Уильямстар WADA-дан тыйым салынған препараттарды қолдануға 2010 жылдан бастап рұқсат алғаны көрсетілген.

Серена оксикодон, гидроморфон, преднизон, преднизолон мен метилпреднизолон препараттарын терапиялық мақсатта үздіксіз қолданып келген. Олар қатты ауруды басатын нокотиктік әсері бар дәрілер. Тыйым салынғандардың қатарында.

Винус болса 2010, 2011, 2012 мен 2013 жылдары преднизон, преднизолон, триамцинолон, формотерол препараттарын қолданған. Формотерол демікпені емдеуге арналған дәрі.

Хакерлер тізімді жариялаған сәттен бастап, Ресей теннис Федерациясының президенті Шамиль Тарпищев америкалық теннисшілерді қорғап келеді.

«Иә, WADA Уильямстарға кейбір дәрілік заттарды медициналық мақсатта қолдануға рұқсат берді. Неге? Бұл енді басқа сұрақ. Бірақ спортшылардың тарапынан ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Бәрі ережеге сай»,-деді Тарпищев.

Симона Байлз (гимнастшы)

Симона Байлз
Симона Байлз ©ИТАР-ТАСС

Хакерлердің мәліметінше, Байлз осы жылдың тамыз айында допинг-тестілеуден өткен. Нәтижесінде қанынан психостимуляторлы метилфенидат табылған еді. Ол аутизмнің ең жоғарғы деңгейлерінде немесе Аспергер синдромында, белсенділік пен назарды арттыру үшін қолданылады.

Алайда, бұл гимнастшыға Рио олимпиадасына қатысуға тосқауыл бола алмады. Симона онда бес медаль алса, оның төртеуі алтын болды.

 

Симона Байлз 2012, 2013, 2014 жылдары декстроамфетамин қолдануға рұқсат алған. Бұл дәрі де белсенділік пен назардың жетіспеуіне қарсы қолданылады.

WADA-ның айтуынша гимнастшыда дәрігердің нұсқаулығы бар. 

Екінші бөлім (15 қыркүйек 2016 жыл)

Миша Алоян (бокс)

Миша Алоян
Миша Алоян

Рио олимпиадасының 52 кг салмақтағы күміс жүлдегері, ресейлік боксшы допинг дауының басты фигурантына айналды. Хакерлер оның финалдан кейін тапсырған допинг-тестілеуінің нәтижесін жариялады. Боксшы қанынан терінің шырышты қабатының ісігін басып, тыныс алуды жеңілдететін туаминогептан препараты табылған.

Оны Алоянның жаттықтырушысы «Ринофлуимуцил» дәрілік спрейінің құрамында бар»,- деп түсіндірді.

Петра Квитова (теннис)

Петра Квитова
Петра Квитова © Matthias Hauer

Fancy Bears ақпаратына сүйенсек, чех теннисшісі демікпемен жиі ауыратын болған. Соған байланысты 2009 жылдан бастап оған WADA құрамында альбутерол мен формотерол бар дәрілерді терапиялық мақсаттан тыс қолдануға рұқсат берген. Рио олимпиадасының қола жүлдегері демікпемен әлі ауырып жүрсе де, жақында Уханада өткен жарыста өзінің 18-ші WTA титулын жеңіп алды.

Үшінші бөлім (17 қыркүйек 2016 жыл)

Жанетт Оттесен (жүзу)

Жанетт Оттесен
Жанетт Оттесен ©i-swimmer.ru

Әлемнің бірнеше дүркін чемпионы, Данияның 2011 жылғы үздік спортшысы да допинг дауынан сырт қалмады. Олимпиада кезінде оның қанынан тербуталиннің ізі табылған, алайда оған допингке қарсы агенттік тарапынан ешқандай шара қолданылған жоқ. Айта кетейік, тербуталин демікпе, бронхит, цистит аурулары, мерзімінен бұрын босану кезінде қолданылады.

«Ресейлік хакерлердің мен туралы жазғандарын білемін. Мен тек рұқсат алған, ішуге тиісті препараттарды ғана қолданамын», -деді Оттесен бұл туралы.

Никола Адамс (бокс)

Никола Адамс
Никола Адамс ©rsport.ru

Олимпиаданың 51 кг дейінгі салмақтағы екі дүркін чемпионы, британдық боксшы 2 жыл бойы демікпемен ауыратындарға ғана тағайындалатын сальбутамол мен сальметерол дәрілік заттарын қолданып келген. 2016 жылы оған метилпреднизолон қолдануға рұқсат етілген.

Төртінші бөлім (19 қыркүйек)

Рафаэль Надаль (теннис)

Рафаэль Надаль
Рафаэль Надаль ©rabstol.net

«Үлкен дулыға» турнирінің 14 дүркін триумфаторы 2009 жылы бетаметазон, 2012 жылы кортикотропин қолданған. Олар ревматизм ауруларына қарсы дәрілер. Бұны испандық теннисші растады, лайда тек медициналық мақсатта қолданғанын айтты:

«Мен құрамында тыйым салынған заттары бар дәрілерді тіземді емдеу үшін қабылдадым. Оған арнайы агенттіктің рұқсаты бар. Спорттық дәрежемді көтеру үшін ешқашан дәрі ішкен емеспін. Ал хакерлердің тізіміне клетін болсақ, оны БАҚ өкілдері тым әсірелеп жіберген. Аталған тізімді ешқандай хакердің көмегінсіз-ақ алуға болады»

Мо Фара (жеңіл атлетика)

Мо Фара
Мо Фара ©Reuters

Британдық жеңіл атлет бұған дейін де допинг дауына іліккен болатын. Лондон олимпиадасының алдындағы ол біраз тестілеуді өткізіп алған еді, алайда ойыннан шеттетілген жоқ. Хакерлердің жариялаған тізімінде төрт дүркін олимпиада чемпионының 2008 және 2014 жылдары тапсырған допинг-тестілеуінен триамцинолон мен морфин және викодин сынды норкотиктік заттар табылған. Мо Фора да бұл дәрілерді тек медициналық рұқсаты болғаны үшін қабылдағанын айтады. Айта кетейік, морфин жөтелге, физикалық ауырсынуды басатын препарат.

 

2008 қанынан табылған триамцинолон — ісуге қарсы препарат болса, 2014 жылы Мо талып қалып, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Ол жақта атлетке система қойып, ауруды басатын дәрі еккен.

Бесінші бөлім (23 қыркүйек)

Милош Теодосич (баскетбол)

Милош Теодосич
Милош Теодосич ©sport-express.ru

Fancy Bears сербиялық баскетболшының дексаметазон қолданғанын жазды. Алайда, оның жаттықтырушылары Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) мен WADA агенттігінің бұған рұқсат бергенін айтып, ақталып отыр.

Дексаметазон ісінуге, көз ауруларына, сондай-ақ менингитке қарсы тағайындалады.

Фабиан Канчеллара (велоспорт)

Фабиан Канчеллара
Фабиан Канчеллара ©sportarena.com

Бейжің және Рио олимпиадаларының чемпионы да хакерлердің тізімінен табылды.

Ол өзінің қанына табылған метилпреднизолон препаратын аллергияға қарсы қолданғанын айтты. Канчелларада араның уына аллергия бар көрінеді. Бұл 2011 жылдың 17 тамызы мен 2013 жылдың 18 мамыры күндері жергілікті БАҚ-та жарияланды. Онда спортшының аллергия кезіндегі суреті көрсетілген болатын.

 

Фабиан Канчеллара
«Фабиан Канчеллараны ара шағып алып, аллергия болды» ©Trek-Segafredo порталы

Алтыншы бөлім (3 қазан)

Эмили Сибом (жүзу)

Эмили Сибом
Эмили Сибом ©РИА Новости

Бейжің және Лондон олимпиадаларындағы 4×100 метрлік эстафетаның чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы болған астралиялық Эмили Сибом 2009 жылы преднизолон қолданған. Бұл мәлімет Fancy Bears-тың алтыншы тізімінде жарияланды. Преднизолон диарея, туберкулез, менингит, демікпе кездерінде қолданылады.

Спортшы бұл мәліметке ешқандай пікір білдірген жоқ.

Диегу Иполиту (гимнастшы)

Диегу Иполиту
Диегу Иполиту © JEFFERSON BERNARDES/VIPCOM

Рио олимпидасының еркін жаттығудағы күміс жүлдегері болған британдық гимнастшының дексаметазон, формотерол, будесонид деп аталатын препарттар қолданғаны белгілі болды.

Дексаметазон ісінуге, көз ауруларына, сондай-ақ менингитке қарсы тағайындалса, формотерол демікпеге, будесонид аллергияға қарсы ішілетін дәрілер.

Дереккөзgazeta.ru