Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру бойынша өткен Алматы активінің отырысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты.
Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, видеомониторинг жүйесі сараптама жасап, адам көп жиналатын орындарға мониторинг жүргізеді.
Оған қоса, полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету үшін қаланың барлық ауданында 11 фронт-офист ашылады. Мұнда келушілерге Халыққа қызмет көрсету орталығындағыдай қызмет көрсетіледі. Биыл сел қаупін төмендету үшін Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы мен Ақсай өзендерінің бассейндеріне мониторинг жүргізетін 10 автоматтандырылған станцияның құрылысы басталды, — деп жазылған хабарламада.
Бақытжан Сағынтаев сел қаупі бар нысандарға мониторинг жүргізетін станциялардың қондырғыларын жедел аяқтауды тапсырды.