Алматыда қасқыр-ененің қасбетті суреті пайда болды

Алматыда IV халықаралық Mural Fest монументалды өнер фестивалі аясында кезекті қасбеттің бейнесі аяқталды. Монументалды өнер фестивалі мурализм деп, ал қасбетті сурет мурал деп аталады.

Алматы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, мурал Назарбаев даңғылы мен Бөгенбай батыр көшесінің қиылысында пайда болды.

Шығарма авторы табиғат пен адамның жақындығын, олардың байланысы мен бөлінбейтіндігін көрсеткісі келді. Қасқыр символына көптеген жақсы қасиет кіреді. Көне заманнан бері ол түркі халықтарының арасында тотем болған. Эскиздің төменгі жағында ежелгі түркі рунасымен «Тәңірі» сөзі жазылған, — делінген хабарламада.

мурал
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Көне түркі руна жазуы VIII-X ғасырларда Орта Азияда қолданылған. Сол кездегі түркітілдес халықтар «тәңірі» сөзін «құдайлық, көк Тәңірдей» деген мағынада қолданған.

Бұл идеяны жүзеге асыруға суретшілер Аманқұл Нұрболат пен Кеңес Бекболат, Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысты. Бұл — олардың монументалды кескіндемедегі алғашқы жұмысы.

мурал
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Жастардың бастамаларына жан-жақты қолдау көрсету керек. Бұл тақтада жұмыс істеу балаларға үлкен тәжірибе береді. Сурет олардың болашақ өнер саласындағы мансабына бастауы бола алады, — деді фестиваль кураторы Мөлдір Бекжан.

Еске салайық, Mural Fest Алматы әкімдігі мен Jotun Kazakhstan компаниясының қолдауымен өткізілді.