Эстонияда тұңғыш рет әйел президент сайланды

Еуропа аудиторлар сотының бұрынғы мүшесі, 46 жастағы Керсти Кальюлайдті парламенттегі 101 депутаттың 81-і қолдап дауыс берді.

Бұған дейін елді Тоомас Хендрик Ильвес басқарып келді. Кальюлайд Ильвестің Балтық бойы елдерінде НАТО-ның әскери әлеуетін күшейту және Украинадағы қақтығысқа байланысты Ресейге салынған санкцияларды күшінде қалдыру ұстанымын қолдайды.

Эстонияда президенттің құзыреті шектеулі.

Дереккөзazattyq.org