Басты бетЖаңалықтарАлматыда күші...

Алматыда күші 2-3 балл болатын жер сілкінісі байқалды

Алматыда жер сілкінді. ҚР Білім және ғылым министрлігі Сейсмология тәжірибе-әдістеме станциясының мәліметінше, жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстікке қарай 5 шақырымда анықталған.

Сейсмика станциялары желісі жер сілкінісін 2 қыркүйек күні сағат 15.06-да тіркеген. Эпицентрі Қазақстан аумағында анықталып отыр.

Жер сілкінісінің энергетика класы — 8.5, магнитудасы — MPV 3.7. Эпицентр координаты — 43.17 градус солтүстік кеңдік, 76.95 градус шығыс ұзақтық. Тереңдігі — 15 шақырым, — делінген Сейсмология тәжірибе-әдістеме станциясының хабарламасында.

Мамандардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматыда МSК-64 шкаласы бойынша 2-3 балл болып сезілген.