Бақытжан Сағынтаев жедел жәрдем қызметінің ұжымын Конституция күнімен құттықтады. Қала басшысы медициналық жедел қызмет көрсетуге барлық жағдай жасалатынын атап өтті.
Денсаулық сақтау қызметі — әкімдіктің басты бағыттарының бірі. Медициналық қызмет саласын техникалық жаңарту үздіксіз жалғасады. Жедел жәрдем бригадасы жұмысының медициналық керек-жарағы да жаңара береді. Біздің міндет – жедел жәрдем дәрігерлері үшін барлық жағдай жасау, «алтын уақыт» ережесін сақтау мен жедел көмек көрсету, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Барлық автомобильдер Денсаулық сақтау министрлігінің стандарттарға сай әрі заманауи құралдармен жабдықталған. Олардың ішінде дефибриллятор, электрокардиограф, өкпенің жасанды вентиляциясының аппараттары мен оттегі баллондары бар.
Қазір Алматының жедел жәрдем қызметінде 3874 адам мен 265 автомобиль бар. Олар 177 жедел жәрдем бригадасына біріккен. Қызмет құрамында 11 қосалқы станция, 3 автоколонна мен 2 автокөлікке май құю бекеті жұмыс істейді.
2018 жылы медиктер бригадасы 1,7 млн шақырым жүрген қызмет көрсетті. Күніне орташа есеппен жедел жәрдем қызметіне 300 қоңырау келіп түскен. 2017, 2018 жылдары 15-17 көлік сатып алынған. Биыл алдыңғы жылдарға қарағанда 10 көлік көп алынған.