Баян Мақсатқызы жаңа фильм түсіруді жоспарлауда

Продюсер жаңа фильм түсіруді жоспарлауда.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

«Менің келесі фильмімнің идеясы өте қызықты болғалы тұр…», — деп жазды ол.

Көптеген жанкүйерлер бұл жаңалықты қуана қабылдап, жаңа туындыны асыға күтетіндерін жеткізді.

Айта кетейік, 10 маусым күні Баян Есентаева аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған үш сағаттық операция жасалды. Ол кезде науқастың жағдайы өте ауыр болатын. Ал, Баянды ауыр соққыға жыққан күйеуі Бақытбек Есентаев Талғар аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бақытбек Есентаевтың ісі бойынша кезекті сот отырысы 18 қазан күні Талдықорған қаласында өтеді. Процесс жабық режимде өтуде.

ДереккөзҚазАқпарат