Басты бет Жаңалықтар Президент Жолдауы: Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді тапсырды

Президент Жолдауы: Қасым-Жомарт Тоқаев бейбіт митинг өткізуге рұқсат беруді тапсырды

Мемлекет басшысы бұл туралы Парламенттің біріккен отырысының VI шақырылымының 5-сессиясында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде бейбіт митингілердің өтуіне рұқсат беріп, оған арнайы орын бөлу керек. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі Twitter-де жазды.

Бейбіт шерулер заң мен азаматтардың тыныштығын бұзуды мақсат етпесе, заңдағы белгіленген тәртіппен шеруді өткізуге рұқсат беріп, ол үшін арнайы орын бөлу қажет. Ол орындар қаланың шетінде болмауы тиіс, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, 10 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет Қазақстан халқына Жолдау жариялайтынын хабарланған еді.

2 қыркүйекке жоспарланған Халыққа Жолдауымда есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде Парламентке және Үкіметке тапсырмалар жүктеледі, — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version