Құттықтау сөзінде қала басшысы Конституцияны қабылдау күрделі саяси жағдайда халықтың тағдырына таңдау жасау болғанын атап өтті.
Бұл тұңғыш Президент — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен еліміздің мемлекеттік дамудың жаңа тарихи кезеңіне жасаған бетбұрыс қадамы еді, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Қала әкімі барлық дамыған мемлекет үшін табыстың негізгі құрамдас бөлігі саяси көшбасшылық пен саяси еркіндік екенін айтып өтті.