Басты бет Тест Қазақстан Конституциясы баптарында не айтылған еді?

Қазақстан Конституциясы баптарында не айтылған еді?

Ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтары туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған қағидаларды қаншалықты білесіз?

Иллюстрация: Twitter.com
0%

Тұрғын үйден айыруға кімнің шешімімен жол беріледі?

Дұрыс! Қате!

Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. 25-бап

Бала тәрбиесі - кімнің міндеті?

Дұрыс! Қате!

Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. 27-бап

Кімдер қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуі тиіс?

Дұрыс! Қате!

Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс. 23-бап

Су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі кімнің меншігінде болады?

Дұрыс! Қате!

Су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. 6-бап

Әр азамат өз құқығы мен бостандығын қандай орган арқылы қорғай алады?

Дұрыс! Қате!

Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. 13-бап

Қазақстан Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілет мерзімі қанша жыл?

Дұрыс! Қате!

Мәжіліс депутаттарының өкілет мерзімі - бес жыл. 50-бап

Мемлекеттік рәміздердің сипаттамасы мен ресми пайдаланылу тәртібі қандай құжатпен белгіленеді?

Дұрыс! Қате!

Тудың, Елтаңбаның және Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді. 9-бап

Қазақстанда билікті кім иемденіп кете алады?

Дұрыс! Қате!

Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иемденіп кете алмайды. Билікті иемденіп кетушілік заң бойынша қудаланады. 3-бап

Президенттің кезектен тыс сайлауы кімнің шешімімен тағайындалады?

Дұрыс! Қате!

Президенттің кезектен тыс сайлауы Республика Президентінің шешімімен тағайындалады және конституциялық заңда белгіленген тәртіп пен мерзімде өткізіледі. 41-бап

Қазақстан азаматының қай ұлт өкілі екенін кім анықтайды?

Дұрыс! Қате!

Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. 19-бап

Конституциямыз бойынша Қазақстан Республикасы:

Дұрыс! Қате!

Қазақстан Республикасы - Президенттің басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. 2-бап

Қазақстан Конституциясы баптарында не айтылған еді?
Конституция баптарын жиі оқып тұру керек.
Жарайсыз! Негізгі заңның баптарын есте сақтағансыз.
Өте жақсы! Конституцияны жаттап, әр тұсына ерекше мән бергенсіз.

Әлеуметтік желіде бөлісу:

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version