Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан Ұлттық банкі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкімімен желтоқсанның 7-де Ұлттық банк төрағасының орынбасарлығына Алпысбай Ахметов пен Ғалымжан Пірматов тағайындалды.

Ғалымжан Пірматов бұған дейін «Камеко Қазақстан» компаниясын басқарған. Оның алдында «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясында экономика және қаржы жөніндегі вице-президент, БТА банкінің басқарма төрағасының орынбасары, экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі боп істеген.

Алпысбай Ахметов тағайындауға дейін Ұлттық банк құрылымында кассалық операциялар мен құндылықтарды сақтау Орталығының директоры қызметін атқарған.

Алпысбай Ахметов пен Ғалымжан Пірматовтар желтоқсанның 7-де қызметтерінен босаған Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары Нұрлан Құсайынов пен Қуат Қожахметовтың орнына келді.

Қарашаның 2-де Ұлттық банк төрағасы боп Данияр Ақышев тағайындалды. Ол екі жылдан астам уақыт Ұлттық банк төрағасы болған Қайрат Келімбетовті алмастырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version