Алматыда шайбалы хоккейден Қазақстан кубогы өтеді

Ауқымды спорт шарасы осымен 17-рет өткелі отыр. Биыл хоккей командалары Halyk Arena спорт кешенінің мұзайдынында тайталасады.

Бас жүлдеге 10 команда таласады.

«А» тобы:  «Бейбарыс» (Атырау), «Ертiс» (Павлодар), «Алтай-Торпедо» (Өскемен), «Горняк» (Рудный), «Астана» (Нұр-Сұлтан).

«В» тобы: «Арлан» (Көкшетау), «Құлагер» (Петропавл), «Алматы», «Теміртау», «Ақтөбе».

Qazsport телеарнасында тікелей эфирде 15.00 мен 19.00 арасындағы матчтар көрсетіледі. Көреремен үшінші орынның матчы мен 24 тамызда сағат 19.00-де болатын финалды да осы телеарнадан тамашалай алады.

Айта кетейік, Қазақстан кубогы республикалық телеарнада алғаш рет көрсетіледі.

Sport.inform.kz порталының хабарлауынша, Қазақстан кубогының ресми ашылуы 18 тамызда «Алматы» — «Арлан» матчымен ашылады.

Ойын кестесі:

18 тамыз, жексенбі

13.00. «Горняк» — «Бейбарыс»
15.00. «Ақтөбе» — «Құлагер» (Негізгі арена, «А» блогы)
17.00. «Алтай-Торпедо» — «Астана»
19.00. «Алматы» — «Арлан» (Негізгі арена, «А» блогы)

19 тамыз, дүйсенбі

15.00. «Ертіс» — «Горняк» (Негізгі арена, «А» блогы)
19.00. «Ақтөбе» — «Теміртау» (Негізгі арена, «А» блогы)

20 тамыз, сейсенбі

13.00. «Ертіс» — «Алтай-Торпедо»
15.00. «Бейбарыс» — «Астана» (Негізгі арена, «А» блогы)
17.00. «Арлан» — «Теміртау»
19.00. «Алматы» — «Құлагер» (Негізгі арена, «А» блогы)

21 тамыз, сәрсенбі

15.00. «Горняк» — «Алтай-Торпедо» (Негізгі арена, «А» блогы)
19.00. «Ақтөбе» — «Арлан» (Негізгі арена, «А» блогы)

22 тамыз, бейсенбі

13.00. «Құлагер» — «Теміртау»
15.00. «Бейбарыс» — «Ертіс» (Негізгі арена, «А» блогы)
17.00. «Астана» — «Горняк»
19.00. «Алматы» — «Ақтөбе» (Негізгі арена, «А» блогы)

23 тамыз, жұма

13.00. «Ертіс» — «Астана»
15.00. «Арлан» — «Құлагер» (Негізгі арена, «А» блогы)
17.00. «Алтай-Торпедо» — «Бейбарыс»
19.00. «Алматы» — «Теміртау» (Негізгі арена, «А» блогы)

24 тамыз, сенбі

13.00. А2 — Б2. Үшінші орынға талас матчы (Негізгі арена, «А» блогы)
19.00. А1 — Б1. Финал (Негізгі арена, «А» блогы)