Алматы әуежайында шұғыл түрде адамдар эвакуацияланды

«Әуежайда ең қауіпті химиялық элементтің бірі — сынапты алып өтпекші болған азаматқа тосқауыл қойылды. Бұл элементтің мұндай мөлшері аса қауіпті. Әуежай қоршалып, ондағы адамдардың барлығы қауіпсіз жерге көшірілді. Төтенше жағдайлар қызметі жұмыс жасап жатыр. Химия мамандары қатерсіздендіру бойынша жұмыс жасауда.

Алматы-Тбилиси бағыты бойынша қауіпті элементті тасымалдаушы адамды кім ұстағанын білгіміз келіп отыр. Ұсталған Қазақстанның азаматы. Ол өзімен бірге жүз миллилитрден астам сынапты алып өтпекші болған», — деп хабарлады Кривошеев.

Қазіргі уақытта ЖІІБ-дегілер жолаушыдан жауап алып жатыр. «Рейстер тоқтатылып жатыр. Оқиға орнына ІІМ ТЖК қызметкерлері барды», — деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.