Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер демалыс...

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады

«Қазгидромет» кәсіпорнының мамандары дүйсенбіге дейінгі аралықта ауа райы қандай болатынын хабарлады. Мамандардың мәліметінше, 24-26 тамыз күндері еліміздің батысында аптап басылады.

Қазақстанға Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аймағынан атмосфера таралымдары бар циклон жылжып, соның салдарынан батыс облыстарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады және ыстықтың беті қайтады. Күндізгі ауа температурасы 35-40 градус ыстықтан 20-30 градус жылыға төмендейді, — деп хабарлады «Қазгидрометтің» баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда республиканың солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарының кей жерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл тұрады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында да найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Демалыс күндері қалған аймақтарда жауын-шашын болмайды, орталықта және шығыста күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін жоғарылайды.