Талғат Теменов Президентке Мәдениет жылын жариялауды ұсынды

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент пен Талғат Теменов еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелерін талқылады.

Театр жетекшісі Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтандағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын салу туралы ақпарат беріп, болашақта Мәдениет жылын жариялау, жас актерлардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды баспанамен қамту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта да мәдениетке, театр мен киноға мемлекет тарапынан бұрынғысынша тиісті деңгейде көңіл бөліне беретінін айтты.