Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Бұл бейсенбіде елімізде ауа райы қандай болады?

Фото: Ysia.ru

«Қазгидромет» мамандарының болжамына қарағанда Алматы, Павлодар, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында 15-22 м/с жел соғады, Павлодар облысында дауыл тұрады, Қызылорда облысында шаң борайды. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, 15-20 м/с жел соғады, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысында 15-20 м/с жел соғады, тұман түседі.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады. Қызылорда, Түркістан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстік бөлігінде, Павлодар, Атырау облыстарының жекелеген аудандарында дала өрті қаупі күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында жаңбырдың салдарынан тау өзендері тасуы мүмкін.

Синоптиктер алдағы күндердің ауа райына қатысты болжамды да жария етті. Олардың мәліметінше, 22-24 тамыз күндері республиканың солтүстігінде жаңбыр мен ауа температурасының төмендеуіне себеп болған суық атмосфера фронты оңтүстік бағытқа қарай ауады.

Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауады, кей жерде жауын-шашын күшті болады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің жекелеген аудандарында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста да найзағай ойнап, жаңбыр жауады, таулы аудандарда нөсер жауады, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлады «Қазгидромет» кәсіпорнының баспасөз қызметі.

Мамандардың мәліметінше, еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады, ауа температурасы климат нормасынан 3-5 градусқа жоғарылайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version