Басты бет Жаңалықтар Қазақстан цифрландыруда неміс бизнесімен ынтымақтасады

Қазақстан цифрландыруда неміс бизнесімен ынтымақтасады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Еуропадағы экономикалық қатынастар жөніндегі неміс комитетінің бұрынғы төрағасы, "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Клаус Мангольдті қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Клаус Мангольдпен кездесті. Фото: Akorda.kz

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы сауда-экономика және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Қазақстан Президенті мен Клаус Мангольд әлем экономикасының дамуына қатысты өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы неміс бизнесінің өкілдерімен өзара ықпалдастықты нығайтудың маңызына назар аударды.

Клаус Мангольд Мемлекет басшысына жыл соңында Германияда қазақ-неміс кәсіпкерлерінің қатысуымен ірі бизнес-форум ұйымдастыру туралы жоспарын айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version