Қайрат Нұртас арбаға танылған азаматқа костюмін сыйға тартты

Бұл туралы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында әншінің анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова хабарлап, видеосын орналастырды. «Бүгінгі Семей стадионындағы жеке кешімізден. Бұл жолы Қайрат өзі қалаған адамына тарту еткен тəрізді. Жолы болып, жақсылық болсын», — деп жазды ол.

«Мына костюмді сізге шын жүрегіммен тарту етемін», — дейді Қайрат. Қуанышында шек болмаған мүгедек жан да әншіге алғысын жаудырды.

Айта кетейік, Қайрат Нұртас өзінің концерттері барысында жеке затын, ол сахналық костюмдері, не көзілдірігі болсын — көрермендердің біріне сыйға тартуды, не болмаса олардың бірімен қосылып ән айтуды әдетке айналдырған.