Статистика Қазақстаннан кетушілердің қатары келушілерден әлдеқайда көп екенін көрсетіп отыр. Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, шетелге қоныс аударғандардың көбі — қалада тұратын азаматтар: 16 800 адам. Ауылдардан шетелге көшкендердің саны — 3 200 адам.

2018 жылы Қазақстаннан 41 900 адам кетіп қалды, бұдан бір жыл бұрын 37 700 адам шетелге көшіп кеткен еді. Былтыр Қазақстанға 12 700 адам келді. 2017 жылы 15 600 адам көшіп келді.

Қазақстаннан Ресей мен Беларуське көшіп кетіп жатқандардың саны осы екі елден бізге келушілер санынан көп. ТМД-ның басқа елдерімен арада көші-қон сальдосы оң.

Германия, АҚШ, Израиль, Канадаға көшіп кетіп жатқандардың саны да осы елден бізге келушілерге қарағанда әлдеқайда көп. Есесіне, Қытай, Моңғолия, Иран, Грузия мен Түркияға қоныс аударушылардың саны олардан бізге келушілердің санынан көп емес.

Биыл Қазақстан азаматтары негізінен Ресейге (6 айда 17 700 адам кетіп қалды), Германияға (1 200) және Өзбекстанға (151) көшіп кеткен. Ал сырттан келушілердің арасында Өзбекстан (2 200 адам), Ресей (1 500) және Қытай (395) азаматтары көп.

2019 жылдың қаңтар-маусым айларында шетелге Шығыс Қазақстан облысынан 3 200 адам, Қостанай облысынан 2 700 адам, Қарағанды облысынан 2 500 адам кетіп қалған. Тұрғындарының сыртқа қоныс аударуы жағынан көш бастайтын үш өңір — осы. Шығыс Қазақстан облысына келушілердің саны 253, Қостанай облысына келушілер саны 425, Қарағанды облысына келушілер саны 213 адам болды.

Шетел азаматтары көбіне Маңғыстау облысына көшіп келеді, биыл 1 300 адам сырттан келген. Одан кейінгі орында Алматы облысы, бұл өңірге шетелден 1 000 адам көшіп келді.

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!