Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімімен кездесті

Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевты қабылдады. 

ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Ермек Маржықпаев Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірдің даму барысы және әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Тұңғыш Президент экология қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өңірдегі ұлттық саябақтың табиғи ресурстарын қорғау мәселелеріне және жастарды жұмыспен қамту мәселесіне назар аударды. 

Әңгімелесу барысында әлеуметтік сала мен спорт инфрақұрылымын дамыту, тұрғындардың табысын арттыру және тұрмысы нашар азаматтарға көмек көрсету үшін атқарылып жатқан шараларға баса мән берілді, — деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі. 

Нұрсұлтан Назарбаев өңірде ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру қажет екенін айтты.