Басты бетЖаңалықтарНаурызбай ауданының...

Наурызбай ауданының тұрғындары Алматы әкіміне шағымдарын айтты

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесті. Бұл туралы әкім Instagram-парақшасында хабарлады.

Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездестім. Адамдар өздерін толғандыратын өткір мәселелер туралы айтты. Олар — ауызсу, жол, көлік, балалар демалысы, ұрлықпен күресу. Ауызсу мәселесі — аудандағы ең түйткілді проблема. Ол жедел шешілмейді. Сондықтан тұрғындар ауыз су тапшылығына тап болмауы үшін қазір ауданға су таситын көліктер санын арттырып жатырмыз, — деп жазды әкім.

Оның айтуынша, аудан тұрғындарының әрбір сұрағы қала басқармалары мен әкімдіктің бақылауында болады, әрқайсысына жауап беріледі.

Мұндай кездесулерді барлық ауданның тұрғындарымен әр тоқсан сайын өткіземін, — деді әкім.

View this post on Instagram

14.08.2019 Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездестім. Адамдар өздерін толғандыратын өткір мәселелер туралы айтты. Олар — ауыз су, жол, көлік, балалар демалысы, ұрлықпен күресу. Ауыз су мәселесі — аудандағы ең түйткіл проблема. Ол жедел шешілмейді. Сондықтан тұрғындар ауыз су тапшылығына тап болмау үшін қазір ауданға су таситын көліктер санын арттырудамыз. Аудан тұрғындарының әрбір сұрағы қала басқармалары мен әкімдіктерінің бақылауында, әрқайсысына жауап беріледі. Мұндай кездесулерді барлық аудандар тұрғындарымен әр тоқсан сайын өткізетін боламын. —— Встретился с жителями Наурызбайского района. Люди говорили о том, что их волнует больше всего — питьевая вода, дороги, транспорт, досуг детей, борьба с кражами. Вопрос водоснабжения — один из самых острых в районе. Его быстро не решить. Поэтому сейчас увеличим количество водовозов в район, чтобы жители не испытывали проблем с питьевой водой. Каждый вопрос и обращение жителей района взято в работу городскими управлениями и акиматом, по ним будут даны ответы. Такие встречи с жителями всех районов я буду проводить раз в квартал.

A post shared by Бакытжан Сагинтаев (@sagintayev.b) on

Бұған дейін Алматы әкімінің сел жүрген Наурызбай ауданында болғаны хабарланған еді. Бақытжан Сағынтаев жағдайдың тұрақталғанын хабарлап, тасқынға қарсы бір кісідей жұмыс істеген шұғыл қызметтер мен тұрғындарға алғыс айтты.

Төтенше жағдайлар қызметі, полиция, қаламыздағы коммунал қызмет бөлімшелері жедел әрі тиянақты жұмыс істеді, сол үшін оларға рақмет айтамын. Көмегін ұсынған барлық ізгі ниетті жандарға жеке алғысымды білдіремін. Осындай сәтте біз қаланың құрыштай берік екенін көрсеттік. Ал бұл мақтаныш сезімін оятады. Рақмет сіздерге, құрметті алматылықтар! — деді Бақытжан Сағынтаев.

14 тамыз күні таңертең Алматының Наурызбай ауданында тұрғындарға сел қаупі туралы хабарлана бастады. Кейін әкімдік сел жүргенін растады. Халық жиналуы керек үш орын анықталды. Энергетика қызметтеріне жарық пен газды өшіруге бұйрық берілді. Дабыл бойынша оқиға орнына қаланың барлық шұғыл қызметі, Алматы төтенше жағдайлар департаментінің барлық жеке құрамы мен күш-құралдары жетті.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, соңғы екі айдағы температура фонының тұрақсыз болуына байланысты 14 тамызда 06.20-да Қарғалы өзені алабындағы №1 көлдің суы ішкі морена арналары арқылы секундына 5 текше метр болып тасыған. Аққан судың көлемі шамамен — 20 мың текше метр.

Көп ұзамай төтенше жағдайлар қызметкерлері жақын маңдағы елді мекендерге төнетін қауіп жоқ екенін хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев селге қарсы жұмыстардың ұйымдастырылуын, Қарғалы бөгетінің нығайтылуын тексерді.