«Біздің басты мақсатымыз — Марсқа ұшқысы келген адамның бәріне жағдай жасау. Алғашқы ұшу құны қымбатқа түседі. Бірақ кейінгі ұшу бағасы 200 мың, тіпті 100 мың долларға дейін түсуі мүмкін. Ұшу бағасы жолаушының жүк көлігіне де байланысты», — дейді Илон Маск.
АҚШ компаниясы планетааралық ұшырылуды әр 26 ай сайын болады деп жоспарлайды. Себебі бұл уақыт Марс пен Жердің арасы жақындайтын мерзімге сай келеді. Алайда бұл жақындықтың өзі 200 млн шақырым. SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск Марстың алғашқы жолаушыларын 2024 жылы жеткізбек. Ұшып бару алты айдан тоғыз айға дейін созылмақ. АҚШ-тың мемлекеттік ғарыш агенттігі NASA да Марсқа өз ракеталарын 2034 жылы қондыруды жоспарлайды. Аталмыш ғарыш агенттігі SpaceX компаниясының Қызыл планетаға бірініші болып ел қондыру туралы бастамасын қолдайды.
— SpaceX 2018 жылы Dragon 2 атты ұшқышсыз аппаратты планета бетіне қондырып, жүйені тексеріп көрмек. Егер тәжірибе сәтті өтсе, Күн жүйесінің кез келген жеріне ұшып баруға жол ашылады. Басқа жұлдыздарға сапар шегу жайлы әзірге айта алмаймын. Ғарышта орта жолда қуаттандыру станциясын сала алсақ, соның көмегімен бүкіл Күн жүйесін шарлап шығуға болады, — дейді АҚШ бизнесмені.
Илон Масктың бұл жобасын іске асыруға қаржы қиындықтары кедергі болып отыр. Оның Қызыл планетаға жолаушы тасымалдайтын ракетасын жасауға алдағы бес жылда 10 мрд доллар қажет. Марсқа ұшып барудың амалын Amazon электронды сауда-саттық интернет порталын ашқан Джефa Безостың Blue Origin компаниясы қарастырып жатыр. АҚШ-тың мемлекеттің NASA ғарыштық агенттігі де ғарышты тани түсу үшін, ауыр жүк тасуға жарамды ракетасын 2018 жылы ұшыруға дайындап жатыр.