Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу биылғы оқу жылынан бастап оқу орнына түсудің шарттары өзгергенін хабарлады. 2016-2017 оқу жылынан бастап математика пәні барлық студентке міндеттеліп отыр.
«Осы жылы біз барлық бағдарлама бойынша ақылы оқуды енгіздік. Мысалы, дайындық бағдарламасы — 18 375 доллар. Біздегі ақылы бөлімде 14 студент оқып жатыр. Бакалавриат бағдарламасы бойынша білім берудің орташа бағасы — 21 мың доллар. Ал магистр бағдарламаларының оқу ақысы шамамен 20 мың доллар. Тек Бизнес жоғары мектебі 40 мың доллардан асады», — деді Назарбаев Университетінің президенті Шигео Катсу.
Білім беру мекемесіндегілер жеңілдігі бар жүйелерді де ұсынып отыр.
2016-2017 оқу жылында университетке 4517 талапкер тіркелген: 3060 университет алды дайындық (720-сы тіркелген), 223-і бакалавриат бағдарламасы (76-сы түсіп, тағы 627 студент дайындық мектебінен кейін бакалавриатқа түсіп отыр) және 124-і магистратура бағдарламасы бойынша (409-ы тіркелген).